jasqazaq.kz

Қазақстан Президентінің Германияға жұмыс сапары басталды

14 ақпан 2020, 15:31

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді.

 Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады. Айта кетейік, Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Аталған Мюнхен конференциясына 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар, Еурокомиссия өкілдері, сондай-ақ Еуропалық парламент депутаттары қатысады деп күтілуде. Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 56-шы отырысы 2020 жылдың 14-16 ақпаны аралығында өтеді. Алдын ала ақпарат бойынша, конференцияны Германияның федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ашатын болады. Бүгінде бірқатар елдің басшылары форумға қатысандықтарын растады. Конференция күнтәртібінде «ЕО мен НАТО болашағы», «Киберқауіпсіздік», «Денсаулық сақтау мәселелері», «Сауда соғыстары мен санкциялар», «Жалған ақпарат, насихат пен күмәнді жаңалықтар», «Қытай рөлі мен ЕО-ның Ресеймен және АҚШ-пен қатынасы», «Таяу Шығыстағы ахуал» тақырыптары талқыланбақ. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуы Қазақстанның бастамаларын әлемдік аренада ілгерілетудің, бітімгершілік саласындағы негізгі өңірлік ойыншы ретіндегі Қазақстанның беделін нығайтудың маңызды кезеңі болады. Сонымен қатар, бүгінгі кездесулер 2019 жылғы желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді іске асырылуына айтарлықтай ықпал етеді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен баратыны айтылған еді.

inform.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия