jasqazaq.kz

Қазақстан өз азаматтарын Уханнан эвакуациялады

02 ақпан 2020, 13:19

2020 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы елімізге ҚХР Ухан қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті жеткізді, деп жазды primeminister.kz сайты.

Ұшу барысында біздің азаматтарымызды барлық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген қазақстандық дәрігерлер сүйемелдеді. Денсаулық жағдайы тексерілгеннен кейін елге оралған азаматтар қаладан 7 шақырым жерде орналасқан елорданың көпбейінді ауруханасы жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды. Клиника инфекциялық қауіпсіздіктің қажетті технологияларымен, заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық құралдармен жабдықталған, тиісті медициналық қызметкерлері бар. Медициналық мекемеде эвакуацияланған азаматтар қосымша тексеруден, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияға тестілеуден өтеді. Карантин кезеңі кезінде елге келген адамдармен тек аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар медициналық персонал ғана байланыста болады. Елге жеткізілген азаматтардың туған-туыстары мен жақындары хабардар етілді және олар карантиндік кезеңнің регламентімен таныстырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді. Қырғызстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Армения Республикасы биліктерінің өтініші бойынша осы елдердің де азаматтары ҚХР Ухан қаласынан эвакуацияланды. Барлық қажетті ақпаратты ұсыну үшін тәулік бойы 1406 сall-орталығы жұмыс істейді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия