jasqazaq.kz

Қазақстан мұнайшылары вакцинадан бас тартып жатыр

13 сәуiр 2021, 13:52

Қазақстан мұнай өндіруші кәсіпорындары қызметкерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартты, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеарна мәліметіне сүйенсек, вахта қызметкерлерінің екпе салдырудан бас тартуына ауысымға түсер алдында оқшауда болып, сол кезеңде үстемақы ала алмай қалуы себеп болған.

«Олар іссапарда Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген уақыттан көп уақыт өткізсе жалақыға қосымша ақы алады. Бұл жағдайда вакцинациялау олар үшін тиімсіз. Өйткені жоғары коэффициенттер болмайды», — дейді Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов

Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бұл Теңіз кен орнында бірқатар жұмысты тежейді.

Айта кетейік, мұнай өндіруші компания нысандарына қазірдің өзінде препараттың 90 мыңға жуық дозасы жеткізілген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық