jasqazaq.kz

Қазақстан министрлігінде миллион доллар ұрланған: бюджетке қанша ақша қайтарылды?

26 тамыз 2021, 15:45

Ресейлік Светлана Киршова 2003 жылы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінен миллион доллар және 40 миллион теңге жымқырған. Қазақстан билігі ұрланған ақшаны қалай қайтарғаны Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Тергеу мәліметі бойынша, 2003 жылы Киршова жалған құжаттарды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының қазынашылық департаментіне жұмысқа орналасқан. Кейінірек ол жалған есепшотына Ауыл шаруашылығы министрлігінің есепшотынан миллион доллар және 40 миллион теңге бюджет қаражатын аударған.

Осы уақыт ішінде Қазақстан министрліктерінде өзгерістер болып, қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі емес, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі зардап шегуші тарап тізіміне енгізілген.

«Бюджет қаражатын қылмыскерлер 2003 жылы Су ресурстары комитетінің есепшотынан ұрлады, бұл мекеме Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кірді. Елбасының жарлығына сәйкес, 2019 жылдың маусымынан бастап Су ресурстары комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қарамағына берілді. Сондықтан, біз Ауыл шаруашылығы министрлігі айыпталушы ресейлік әйел Светлана Киршовадан қаражатты өндіру туралы талап арыз бермегенін нақтылауды орынды деп санаймыз», — делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Экология министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Белгілі болғандай, ақшаның бір бөлігі қайтарылған.

«Залал ретінде барлығы 500 миллион теңге мәлімделді. Бұған дейін Киршованың екі серіктесі сотталды. Тергеу жүргізу кезеңінде 2003 жылғы 18 тамыздан 2012 жылғы 22 ақпанға дейін 368 миллион теңге өндірілді. 132 миллион теңгені қайтару қалды. Киршованы 2 жыл 5 айға бас бостандығынан айырған сот отырысында біз бұл соманы жарияладық. Бірақ біздің мәселе бойынша шешімді әлі білмейміз. Сот электрон түрде мұндай ақпаратты бермейді. Пошта арқылы жіберілген», — деді Экология министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство сот шешімімен танысқаннан кейін ақпаратты толықтыратынын айтты.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия