jasqazaq.kz

Қазақстан мен Швейцария Президенттерінің кездесуі басталды

22 қараша 2019, 12:59

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер арасында кездесу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетерлігі, Ақордаға келген Ули Маурерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Осыдан кейін Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Швейцария басшысының ресми сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеп, Қазақстан Президентінің оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады. Дәл қазіргі уақытта Қазақстан мен Швейцария Президенттерінің шағын құрамдағы келіссөздері өтіп жатыр. Одан кейін екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер болмақ. Аталған келіссөздер барысында барлық саланы қамтитын мәселелердің кең ауқымы жан-жақты талқыға түседі. Қорытындысында Мемлекет басшылары бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтіледі. Жалпы, Швейцария Президенті Ули Маурердің ресми сапары аясында Қазақстан Үкіметінің басшысымен кездесуі, екі елдің іскер топтарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» сөз сөйлеуі жоспарланған.

Фото: sputniknews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда