jasqazaq.kz

Қазақстан мен Ресей бірлесіп жаңа ұшақ шығармақ

22 шiлде 2021, 10:39

Қазақстан мен Ресей «Байкал» көп мақсатты ұшақ жасау бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келісімге қазақстандық авиация индустриясының бас директоры Данияр Амангильдин мен «Орал азаматтық авиация зауыты» АҚ Бас директоры Вадим Бадеха қол қойды. Іс-шара МАКС-2021 халықаралық авиациялық-ғарыш салоны алаңында өтті. «Бұл келісімге қол қою – бірінші кезекте, Қазақстанның Ресеймен бірлесіп авиация саласын дамыту ниетін көрсететін қадам. Соңғы жылдарда республикамыз қол жеткізген технологиялық даму бізге осы жобаға өз үлесімізді қосуда белгілі бір рөлге ие болуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Д.Амангильлин. Өз кезегінде В. Бадеха «Байкал» бұл орталық қалалардан алыс орналасқан жергілікті желілерде жұмыс істеуге арналған жаңа әмбебап аймақтық ұшақ екенін айтты.

Бұған дейін МАКС-2021 алаңында алғаш рет «Байкал» ЛМС-901 көп мақсатты жеңіл ұшағы таныстырылды. Турбобұрандалы ұшақтың крейсерлік жылдамдығы 300 км/сағ, ұшудың ең жоғары қашықтығы – 3000 км, топырақты жолақтардан ұшудың минималды қашықтығы – 220 м. Ұшақ кемінде 1500 км қашықтыққа екі тонна жүктемені жеткізуге қабілетті болады. Оның бағасы шетелдік бәсекелестерден 30-50%-ға төмен болады делінген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия