jasqazaq.kz

Қазақстан мен Ресей азаматтары интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды (Видео)

11 шiлде 2022, 16:39

Полицейлер интернет-алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 15 адамнан тұрған қылмыс тобын ұстады. Олар Қазақстан мен Ресей азаматтары, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13-22 маусым аралығында пәтерін сатқан Алматы тұрғыны алаяқтар айласына түсіп қалды. Ол сатылымнан түскен 23 миллион теңгені бірнеше траншпен алаяқтардың есепшотына аударған. Жәбірленуші 24 маусымда құқық қорғау органдарына жүгінген.

Алматы қаласы ПД Алмалы ауданы Полиция басқармасының дерегіне сәйкес, ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінде («Аса ірі мөлшердегі алаяқтық») көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша соталды тергеу басталды.

Сол күні тергеліп жатқан іс аясында ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Алматы ПД тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шарасы барысында Қазақстанның түрлі қаласында тұратын жалған тұлғаларға рәсімделген 10-ға жуық банк картасы пайдаланылғаны анықталды.

ҚР ІІМ Киберқылмыспен күрес басқармасы жедел қызметкерлері Павлодар облысы және Алматыдағы әріптестерімен бірлесіп, 15 адамнан тұрған қылмыс тобын ұстады. Олар интернет желісінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бес қатысушыға қатысты «тұтқынға алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазір топ мүшелері интернеттегі алаяқтықтың алты эпизодына қатысы болуы мүмкін екені анықталды, келтірген залал құны 106 миллион теңгеден асады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр