jasqazaq.kz

Қазақстан мен Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары ынтымақтастықты нығайтуда

24 қараша 2020, 19:32

24 қарашада ҚР Гонконгтағы Бас консулының ықпалдасуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың шетелдік ең үздік ведомстволардың бірі – Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Тәуелсіз комиссиясының комиссары Саймон Пэмен онлайн кездесуі өтті.

А. Шпекбаев гонконгтық әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырып, саяси жаңғырту шараларына, жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллаларына және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға назар аударды.
Өз кезегінде Саймон Пэ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы және мемлекеттік қызметті реформалаудағы едәуір жетістіктерін атап өтті. Атап айтқанда, ол Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және қылмыстық тәжірибенің, алдын-алу мен ағартудың кешенді функциялары бар Агенттік құрудың маңызды рөлін атап өтті. Қазақстандық ведомство құрылымының негізі ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа елдері, Гонконг үлгілері қабылданды.
Тараптар сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берген гонконг әріптестерінің тәжірибесін талқылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз орган құру, «мүлікті параға сатып алмағаныңды дәлелде» қағидатын енгізу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру – табыстың кілтіне айналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды ағарту және білім беру – жемқорлыққа төзбеуді қалыптастырудағы және парасаттылық мәдениетін кеңейтудегі маңызды факторлар. Біз бұл жұмысты 40 жыл бұрын бастадық және осы уақытқа дейін бірнеше ұрпақ ауысты. Осының арқасында бүгінде халықтың 99%-ы жемқорлық көріністерінен ада», — деп атап өтті Саймон Пэ. Ол сондай-ақ Қазақстанның осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысына жоғары баға берді.

Гонконгта комиссия қызметкерлерінің кәсібилігіне зор көңіл бөлінеді. Барлық жаңадан қабылданған қызметкерлер тергеу, алдын-алу және білім беру тәжірибесін қоса алғанда, бөлімнің мамандануы мен жауапкершілігінің негізгі бағыттары бойынша бір жылдық жедел оқытудан өтеді.
Ведомстволар Тәуелсіз комиссия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және халықаралық оқыту орталығы негізінде неғұрлым тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты. Ынтымақтастық талдамалық зерттеулердің нәтижелерімен, оқыту іс-шараларымен және екіжақты сапарлармен алмасу аясында болмақ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия