jasqazaq.kz

Қазақстан мен АҚШ сотталғандарды ұстап беру және беру мәселесін талқылады

19 шiлде 2022, 12:05

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Ғ. Тәшімбаев бастаған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары барысында АҚШ Әділет департаментінің басшылығымен, ФТБ және Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар нақты қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайту, сұрау салуларды электрондық форматта беру, киберқылмыспен күрес саласында тәжірибе алмасу, сотталғандарды ұстап беру және беру туралы шарттар жасасу мәселелерін талқылады.

«Кездесу барысында Т.Тәшімбаев америкалық әріптесіне осы жылдың 5 маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылғаны туралы жеткізді, оның негізгі мақсаттарының бірі елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтару болып саналады.

АҚШ Әділет департаментінің өкілдері қылмыстық активтерді іздеуге және АҚШ-тан Қазақстанға қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екендеріне сендірді.

Тараптар бірлескен күш-жігермен ғана трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы тиімді күрес жүргізуге болады деген өзара пікірге келді», — делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бұдан бөлек, Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік Банктің «StAR Initiative» (Ұрланған активтерді қайтару бастамасы) жобасының өкілдерімен кездесті.

Дүниежүзілік банкпен Қазақстанның шетелге, оның ішінде офшорлық юрисдикцияға шығарылған қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару бойынша күш-жігерін қолдау және ынтымақтастықтың көрсетілген бағыты бойынша прокурорлар мен тергеушілер үшін тренингтер өткізу мәселелері талқыланды.

Банк өкілдері қазақстандық тараптың бұл бастамаларын қолдады.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өткен диалогқа қанағаттанушылық білдірді және одан әрі өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдарды белгіледі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр