jasqazaq.kz

Қазақстан мектептерінің бірінде емтихан кезінде оқушылар көзін күйдіріп алды

08 маусым 2021, 12:15

Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы кварцталған бөлмеде емтихан тапсырып, содан кейін денсаулығына шағымданған Химия-биология бойынша Назарбаев зияткерлік мектеп оқушыларының жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Кварц бөлмеде болған соң денсаулығына шағымданған мектеп оқушылары 103 желісі арқылы жәдел жәрдем шақыртып, елордалық No2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Қабылдау кезінде төрт баланы мамандандырылған мамандар тексеріп, толық медициналық тексеруден өткізді. 2004 жылғы үш бала, 2005 жылғы бір бала, деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.
Оның айтуынша, барлық балаларға жеңіл сипаттағы электрофталмия (көз алмасының зақымдануы) диагнозы қойылған.

Мамандардың қарауынан кейін төртеуі де үйлеріне және тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емдеуге жіберілді, — деп түсіндірді ол.
Бұрын хабарланғандай, Химия-биология бойынша НЗМ-да мемлекеттік емтихан кезінде алдында бөлмені зарарсыздандыру үшін қосылған ультракүлгін шамды өшіру ұмыт қалдырылған. Балалар кварц жағдайында бір жарым сағат емтихан тапсырған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде