
Оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау рәсімі дәстүрлі форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандық мектептерде дәстүр бойынша 25 мамырда соңғы қоңырау соғылады.
«Ештеңе өзгермесе, 25 мамырда мектеп оқушыларына арналған соңғы қоңырау рәсімі дәстүрлі форматта өтеді деп жоспарлап отырмыз», — деді Аймағамбетов.