jasqazaq.kz

Қазақстан — Мальта матчы өтпейтін болды

31 мамыр 2021, 15:31

7 маусым күні Аустрия жерінде өтуі тиіс жолдастық матч ойналмайды, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Македония астанасы Скопьеде, сосын 7 маусым күні Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта құрамасымен жолдастық кездесулер өткізуі тиіс болған.

Алайда, пандемияның өршіп тұрған кезінде Аустрия аумағына виза алу өте қиынға соқты. Аустрияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан құрамасына виза беруден бас тартты.

Осы мәселеге байланысты Қазақстан — Мальта матчы ойналмайды. Демек, Талғат Байсуфинов баптайтын командамыз 4 маусым күні Македонияға қарсы ойнап болған соң, Қазақстанға оралады. Екінші жолдастық ойын күздегі УЕФА датасына қалдырылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық