jasqazaq.kz

Қазақстан корей кеспесін әкелуге тыйым салды

14 қазан 2020, 18:17

Қазақстанның бас санитар дәрігері құрамында соя бар тамақ өнімдерін елге әкелуге және өткізуге тыйым салатын уақытша санитарлық талаптарды енгізді. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасының аумағына тез дайындалатын Оттоги Рамен Ко, ЛТД, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-ы, Пенгтэк-Си, кенги-До, Оңтүстік Корея шығарған кеспелерді әкелуге және өткізуге тыйым салу туралы қаулы шығарды», — делінген хабарламада.

Мониторинг барысында комитет мамандары «Джин Рамен» тез дайындалатын кеспе ассортиментіндегі Оттоги Рамен Ко кеспесінің құрамында генетикалық түрлендірілген соя сандық құрамының артқанын анықтаған (MON 89788 1,45-10,25 пайыз). Ондағы қалыпты норма 0,9 пайыз болуы керек.

Сондай-ақ, мамандар кеспе қаптамасында өнімдегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат болмағанын атап өтті.

«Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9 пайыздан аспауы керек. Белгіленген талаптарға, оның ішінде халықаралық Кодекс Алиментариус тамақ стандарттарына сәйкес тамақ өнімінің құрамында ГМО 0,9 пайыздан аспауы керек. Тамақ өнімдері міндетті түрде таңбалануы шарт. Бұл өнім мониторинг барысында анықталды. Өнім Алматы қаласының сауда объектілерінен: ЖК «Алма», дүкен «Майбұлақ» және «Мила» ЖК Калиева А. А-дан сатып алынған. Қазіргі таңда сәйкес келмейтін өнімді анықтау және оны сатудан алу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне меншік нысанына қарамастан жоғарыда көрсетілген өнімді әкелу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін хабардар ету тапсырылды.

Сонымен қатар, Қазақстанның тұтыну нарығын қорғауды қамтамасыз және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына хабарламалар жіберілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде