jasqazaq.kz

Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайға түсінік берілді

26 қараша 2020, 18:07

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі экспорттық тауарлары бар көліктерді Қытай аумағына өткізуге шектеуге қатысты ҚХР-мен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткендей, пандемия басталғалы Қытай Қазақстаннан кіретін көліктер санын шектеді. «Бұрын «Нұр Жолы» бақылау-өткізу пункті арқылы Қытай тарапына күніне 200-ден астам көлік қатынап келсе, пандемия басталғаннан бері бұл сан күніне 20-30 көлікке дейін төмендеді», — деді комитеттен. Атап өтілгендей, бұл мәселені шешу үшін Қытай тарапымен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде тәулігіне 80 көлікке дейін өткізіле бастады. «Алайда биылғы 10 қарашадан бастап Қытай қазақстандық тараптан қабылданатын көліктердің санын шектеді. Ал экспорттық тауарлары бар көліктер мүлдем өткізілмейді. Мәселен, ағымдағы жылдың 26 ​​қарашасында Қытай тарапы «Евроотранзит« көліктік-логистикалық орталық аумағында қазақстандық көліктерге тиелген жүктері бар 7 тіркеме ғана шығарды. Осыған байланысты, мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚХР уәкілетті органдарымен келіссөздерді жалғастыруда», — деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия