jasqazaq.kz

Қазақстан –Қытай: Байырғы байланыс терең достыққа ұласты

01 шiлде 2021, 15:11

1 шілдеде Қытай коммунистік партиясының (ҚПК) құрылғанына 100 жыл толады. Бұл — партия мен жалпы қытай елінің саяси өміріндегі айтулы оқиға, бүкіл Қытай халқын толғандыратын күн. Осы оқиғаның маңызы, Қытай мен Қазақстанның бүгінгі қарым-қатынасы, коронавирусқа қарсы күресті сәтті еңсерудегі құпиясы жайында ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулының міндетін атқарушы Мяо Хунбо мырза Jas qazaq газеті мен jasqazaq.kz сайтына әңгімелеп берді.

— Қытай әлемде бірінші болып COVID-19 эпидемиясын ауыздықтап, елдегі тіршілік пен өндіріс әлеқашан бұрынғы қалпына келгенін білеміз. Сіздің ойыңызша, мұндай жетістіктің құпиясы неде?
— Бұрын-соңды тарихта болмаған мұндай эпидемия жаһандағы барлық мемлекет үшін күрделі сынақ. Қытай эпидемияны салыстырмалы түрде өте қысқа мерзімде еңсерді. Бұл Қытай Компартиясының халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын алдыңғы қатарға қоюының арқасында жүзеге асты. Аяқ астынан эпидемиялық ахуал қалыптасқанда, қытай үкіметі эпидемияның алдын алу және бақылауда ұстау үшін жан-жақты және қатаң шараларды дереу қолға алды. Бұл коронавирустың жаппай таралуына жол бермеді. Адамдардың өмірін барынша қорғап, әлемдік қауымдастыққа пандемияға қарсы күрестің теңдессіз тәжірибесін паш етті. Осы күресте КПК мен Қытай үкіметі ұстанатын «Халық пен оның өмірі — бәрінен де биік» деген тұжырым халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланды.

Қытай тарихынан хабардар кез келген адам Коммунистік партия қытай халқының ең сенімді тірегі екенін біледі. Билік басында тұрған 70 жылдан астам уақыт ішінде КПК қытай халқының қалтқысыз қолдауына ие болды. Партия мен халықтың қарым-қатынасы, бейнелеп айтқанда, су мен балық сияқты үйлесімді. Бұл жолы да бүкіл қытай халқы партияның үндеуіне үн қосып, эпидемияға қарсы бірлесіп күресуі осы байланыстың жарқын мысалы бола алады.

-Қытай панедмияға қарсы әлем қоғамдастығымен белсенді ынтымақтастық орнатқанын көріп отырмыз. Жаһан жұрты қытай вакцинасына зор үміт артады. Қытай тәжтажалға қарсы ғаламдық күреске өз үлесін қосу үшін тағы қандай нақты шараларды жоспарлап отыр?

— Коронавирус эпидемиясын жеңудің жалғыз ғана тәсілі – вакцина. Қазір қытай ғалымдары әлемдегі зерттеушілер мен вакцина жасаушылардың алдыңғы шебінде тұр. Қытайдың екі вакцинасы ДСҰ-ның Шұғыл пайдалануға арналған тізіміне енгізілді. Қазіргі кезде Қытай тұрғындарының басым бөлігі екпе салдырған (1 млрд дозадан астам) ел ғана емес, сонымен қатар әлемді вакцинамен жабдықтаушы да. Шектеулі өндіріс пен ішкі сұраныстың жоғары екеніне қарамастан, Қытай 100 мемлекетке арнап 350 млн доза вакцина шығарды.

Қытай вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігі іс жүзінде толығымен тексеруден өтті. Биыл мамыр айында өткізілген Денсаулық сақтау мәселелері ғаламдық саммитінде ҚХР төрағасы Си Цзинпин Қытайдың пандемияға қарсы күрестегі жаңа бастамаларына тоқталған еді. Әлем қоғамдастығына алдағы үш жылдың ішінде 3 млрд доллар көлемінде көмек қаржы бөлінеді. Түрлі елдерге вакцинаның қосымша партиялары жеткізіледі. Сондай-ақ өз кәсіпорындарының дамушы елдерге вакцина өндірісі технологиясымен бөлісуіне және вакцинаға зияткерлік меншік құқығын алып тастауға қолдау көрсетеді. Қытай өзге елдермен вакцина төлқұжаты пен денсаулық QR-кодын өзара мойындау тетігін құру мәселесін де зерттеу үстінде. Бұл адамдардың трансшекаралық сапарын қалпына келтіру үшін керек.

— Коронавирус пандемиясы Қытай-Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа қалай әсер етті? Екіжақты жобалар жүзеге асып жатыр ма? Эпидемиядан кейін екі елдің ынтымақтастығында қандай жаңа бағыттар көзделіп отыр?

— Соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан өзара ынтымақтастық қағидасына сүйеніп, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен түйісуіне белсенді түрде әрекет етті. Екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынаста үлкен прогреске қол жеткізілді. Бүгінде Қытай сауда көлемі мен ірі экспорт нарығы бойынша Қазақстанның екінші серіктесі болып табылады. Сондай-ақ Қазақстанға инвестиция құятын алдыңғы бес елдің қатарында. Қытай кәсіпорындары Қазақстанда құрылыс мердігерлігі бойынша құны28 млрд долларға жуық жобаларды жүзеге асырды. Бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізді және экономикасын әртараптандыруда (диверсификация) маңызды рөл атқарды.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі сауда және инвестициялық белсенділікті тежеді, халықаралық өнеркәсіптік жабдықтау тізбегіне кері әсер етті. Жер үсті және әуе байланысын тоқтату, екі ел арасынлағы барыс-келістің азаюы кейбір екі жақты жобалардың жүзеге асуын тежеді.

Дегенмен қытай және қазақстандық кәсіпорындар екі мемлекеттің де үкіметтерінің қолдауымен барлық қиындықты жеңіп, жұмысты жаңаша жүргізе бастады. Онлайн режимге көшіп, қызметкерлердің біліктілігін көтеруде бірлесіп әрекет етеді. Өзара тиімді электрондық коммерция мен «бұлт» көрмелерді дамыту арқыы пандемияның залалын азайтуға тырысуда. Қытай тарапының статистикасына сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында екі жақты сауда айналымы 7,6 млрд долларды құрап, 34 пайызға артты. Бұл эпидемияның жағымсыз салдарын жұмсартады. «Қытай – Еуропа» халықаралық контейнер пойыздары пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. 2020 жылы Қазақстан арқылы транзитпен шамамен 10 мың состав өтті.

Жоба ынтымақтастығы да өз жемісін берді. Өткен жылы Қаскелеңдегі фотоэлектр стансасы(қуаты — 50 МВт) пайдалануға берілді. Биыл Алматыдағы үлкен диаметрлік болат құбырлар зауыты пилоттық режимде іске қосылады. Қуаты 100 МВт болатын Жаңатас жел электр стансасы, Шелек жел электр стансасы (қуаты — 60 МВт), Тұрғұсұн су электр стансасы, ШҚО-да ядролық отын құрамдарын өндіретін зауыт, сондай-ақ бүгінгі күні ең ірі саналатын Қытай-Қазақстан жобасы – қуаты 500 мың тонналық (жоба құны 1, 8 млрд доллар) Атырау полипропилен өндіретін зауыт іске қосылуы тиіс. Сөйтіп екі жақты іскерлік байланыстың жемісін жинайтын кез келді десе де болады.

Эпидемиядан кейінгі кезеңде екі елге де «Бір белдеу, бір жол» құрылысын сапалы түрде жалғастыру, 5G, «үлкен дерек», жасанды интеллект, электрондық коммерция, баламалы қуат көздері және т.б салаларда жаңа жолдарды қарастыру қажет. Жасыл технологиямен алмасып, цифрландыруда тәжірибе бөлісіп, бірлесіп «Жасыл Жібек жолы» мен «Цифрлық Жібек жолын» құрған дұрыс.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Қытай нарығы ірі, жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс артып келеді. Қазақстан — Қытайды бидаймен негізгі жабдықтаушы. Қазақстанда өндірілген экологиялық тазает, ұн, құрғақ түйе сүті, бал сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері өнімдер Қытайда сұранысқа ие.

-Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасына пандемия әсер етті ме?

— Қытай мен Қазақстан – тауы мен өзені ортақ байырғы көршілер. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері 29 жыл ішінде достық байланыс нығая түсті. Мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестіктің орнауы достық қарым-қатынастың жарқын үлгісі бола алады. Пандемия бүкіл әлемге кесірін тигізді. Бірақ бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі байланыс үзілген жоқ. Сауда-экономикалық ынымақтастық күшейді, ірі көлемдегі жобалар тоқтаған жоқ, алға басты.

Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы күрделі сынаққа төтеп берді және өзінің мығым екенін жалпақ әлемге паш етті. Маусымның басында ҚХР төрағасы Си Зинпин мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесіп, сол әңіменің барысында пандемиядан кейінгі екі жақты стратегиялық даму жоспары белгіленді. Өткен айда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайға келіп, «Қытай – Орталық Азия» сыртқы істер министрлерінің Екінші кездесуіне қатысты. ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі — сыртқы істер министрі Ван И мырзамен екі жақты келіссөз жүргізді. Міне, осының бәрі екі елдің арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейі мен өзгеше сипатын дәлелдей түседі.

Екі мемлекет арасындағы эпидемияға қарсы ынтымақтастық жеке тоқталуға тұрарлық. Біз бір-бірімізге жәрдем беріп, қиындықты бірге еңсеріп жатырмыз. Жуырда Қазақстанға COVID 19-ға қарсы вакцинаның бірінші партиясы келді. Ол — Қазақстандағы коронавирусқа қарсы вакциналауға арналған қолжетімді төртінші препарат. Бұл көмек қытай халқының Қазақстан халқына деген риясыз сезімін паш етеді. Қытай әрмен қарай да эпидемияға қарсы күресте Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын.

— Қос мемлекет арасындағы гуманитарлық байланысқа қандай баға берер едіңіз?

— Қытай мен Қазақстан – байырғы көршілер, тарихы мен мәдениеті жағынан ұқсас, арадағы достықтың тамыры терең. Соңғы жылдары екі ел де мәдениет, білім, туризм, кино, телевизия, баспа ісі саласындағы ықпалдастықты күшейтті.

Бірнеше мысал келтірейін.

Біріншіден, Қазақстанда қытай тілін үйренуге қызығушылықтың артқаны байқалады. Жастар Қытайда білім алуға бет бұрды. Пандемияға дейін Қытайда оқитындар саны 15 мыңға жетті.
Екіншіден, дәстүрлі достық нығайды. Белгілі композиторлар Си Синхай мен Бақытжан Байқадамовтың достығы бірлескен қазақ-қытай кинофильмі — «Композиторда» көрініс тапты. Бұл фильм көрермен тарапынан ыстық ықыласқа ие болды. Гуанжоу қаласында жақында қос композиторға ескерткіш орнатылғанын айта кетейін.

Үшіншіден, қытайдың «Әй, шал» және «Бәрі жақсы» сериалдары қазақстандық көрерменнің көңілінен шықты. Қазір КТК телеранасында «Сен кереметсің, алға!» сериалы көрсетіліп жатыр. Естуімше, бұл сериалдың рейтингі жоғары, оны көруге кеңес беремін.

Қытай халқы әманда бейбітшілік пен достықты бағалайды. Қытай мәдениеті терең әрі сан қырлы, бай дәстүрі бар. Бұрын да, қазір де Қытай адамзат өркениетінің дамуына маңызды үлесін қосып келеді. Қытай мен Қазақстан халқы ғасырлар бойы қоңсы отырды, байырғы байланыс терең достыққа ұласты. Біз әрмен қарай да мәдениет, білім, туризм, БАҚ саласындағы байланысты жалғастырамыз. Қытай-Қазақстан ынтымақтастығына нұқсан келтіретін жалған үндеулерге төтеп беріп, достық қарым-қатынастың әлеуметтік негізін ұдайы нығайтуға үмтыламыз.

— ҚПК жетекшілігімен қытай халқының, әсіресе, кедейшілікке қарсы күрес, инфрақұрылым құрылысы және инновациялық даму саласында зор жетісткке жеткені бірімізге белгілі. ҚПК-ның мемлекеттік басқарудағы жемісті тәжірибесіне тоқтала кетсеңіз.

— Негізі салынғаннан кейінгі 100 жыл ішінде Қытай Компартиясы қытай халқын ұлттық тәуелсіздікке жетелеп, Қытай Халық Республикасын құрды. Елдің толыққанды қожайыны – халық. Орасан күш-жігер мен үздіксіз ізденістің арқасында Қытай социалистік даму жолында өзіндік сипатымен нық бекіді. Сөйтіп әлемдегі қарқынды экономикалық даму және ұзақ мерзімді әлеуметтік тұрақтылық түріндегі «қос ғажайыпты» құрды. 2012 жылы ҚПК ОК бас хатшысы Си Зинпинмен бірге реформаларды тереңдетіп, бірқатар тарихи жетістікке қол жеткізді.
ҚПК-ның жемісті тәжірибесі туралы айтқанда, меніңше, мына нәрселерді бөліп көрсету керек.

Біріншіден, ҚПК үнемі халыққа бағытталған даму тұжырымдасын ұстанады. ҚПК ОК бас хатшысы Си Зинпин: «Бідің мақсатымыз зор, бірақ қарапайым. Ол — Қытайдағы адамдардың өмірін жақсарту» деген болатын. Партия халықты ең жоғары орынға қояды, бәрін халық үшін жасайды, барлық жағдайда халыққа сүйенеді. Сол арқылы қытай халқының шынайы да сенімді қолдауына ие болды.

Екіншіден, ҚПК ұлттық болмысқа сай келетін даму жолын іздеуді жөн көрді. Заңды теорияны басшылыққа алып, партия реформа мен жариялылық саясатын жүргізді. Толығымен ұлттық болмысқа, халықтың еркіне және әлемдік тенденцияларға сай социалистік даму жолын жүріп өтті. Тарихи секіріс жасады. Қысқасы,қытай халқы аяғынан тік тұрып, бай-бақуатты болып, күшейді.

Үшіншіден, КПК ең маңызды міндет – даму деп біледі. Даму – барлық түйткілдерді шешудің негізі мен кілті болып қала береді. Партияның «Даму – мызғымайтын ақиқат» деген жетекші идеологияны ұстануы арқасында Қытай бүгінде таң қаларлық нәтижеге қол жеткізді.

Төртіншіден, КПК ішкі партиялық басқарудың қатаң қағидаларын ұстанады. Партия кез келген жағдайға сақадай-сай. Тұрақты түрде өзін-өзі тазарту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реформалау, өзін-өзі жақсартуға үмтылады. Осы қасиеті түйткілдерді шешуге, сынақтарға төтеп беруге, сондай-ақ өміршеңдігі мен күшін сақтауға мүмкіндік береді.

Бесіншіден, КПК бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдау мен ортақ дамуды өз миссиясы деп санайды. Әсіресе, соңғы жылдары партия «Бір белдеу, бір жол» құрылысын белсенді түрде алға жылжытып, адамзаттың ортақ тағдырлы қауымдастығын құруды қолдайды. Әлем мен адамзат дамуына тұрақты түрде өз үлесін қосады.

Үшіншіден, КПК ең маңызды міндет – даму деп біледі. Даму – барлық түйткілдерді шешудің негізі мен кілті болып қала береді. Партияның «Даму – мызғымайтын ақиқат» деген жетекші идеологияны ұстануы арқасында Қытай бүгінде таң қаларлық нәтижеге қол жеткізді.

Төртіншіден, КПК ішкі партиялық басқарудың қатаң қағидаларын ұстанады. Партия кез келген жағдайға сақадай-сай. Тұрақты түрде өзін-өзі тазарту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реформалау, өзін-өзі жақсартуға үмтылады. Осы қасиеті түйткілдерді шешуге, сынақтарға төтеп беруге, сондай-ақ өміршеңдігі мен күшін сақтауға мүмкіндік береді.

Бесіншіден, КПК бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдау мен ортақ дамуды өз миссиясы деп санайды. Әсіресе, соңғы жылдары партия «Бір белдеу, бір жол» құрылысын белсенді түрде алға жылжытып, адамзаттың ортақ тағдырлы қауымдастығын құруды қолдайды. Әлем мен адамзат дамуына тұрақты түрде өз үлесін қосады.

Бүгінгі күні Қытай қол жеткізген бүкіл жетістік Қытай Компартиясының дана басшылығы арқасында екені сөзсіз. Қытайда «Коммунистік партиясыз Жаңа Қытай болмас еді» деген әйгілі ән бар. Ол қытай халқының ҚПК-ға деген ыстық ықыласын білдірсе керек.

Мазмұнды да тағылымды әңгімеңізге рахмет!

Талап Тілеген

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия