jasqazaq.kz

Қазақстан құс тұмауынан таза ел

23 қазан 2019, 11:13


Бүгін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының ресми сайтында Қазақстан құс тұмауынан таза ел деп танылған ақпарат жарияланды. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл Қазақстан Республикасының барлық ветеринарлық қызметінің, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ұжымдарының үлкен еңбегі.
«Құс шаруашылығы саласы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды құрамдас бөлігі, оның негізгі бағыттары — жұмыртқа және ет өнімдері болып саналады. Құс тұмауынан таза ел мәртебесі еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін іске асыруға үлкен мүмкіндік береді және Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсерін тигізетіні анық», — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының жаңа нарықтарды ашу туралы тапсырмасын орындау мақсатында атқарылған жұмыстардың алғашқы көрінісі деп атауға болады.

BAQ.KZ

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда