
2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында кездесу өткізген Қазақстан мен Ресей құрамаларының ойыны аяқталды.
Кездесудің алғашқы таймы қонақтардың пайдасына 0:2 есебімен аяқталды. Қос голды Ресей құрамасының сапынан Денис Черышев соқты. Екінші тайм жиналған жанкүйерлерді қуанта алған жоқ. Жалпы, кездесу толықтай ресейліктердің басымдығымен өтті. Екінші таймда Ресей құрамасының капитаны Артем Дзюба 51-минутта гол соғып, есепті 0:3-ке жеткізген еді. Араға 10 минут салып, қазақстандық футболшы Абзал Бейсебековтің автоголы ресейліктердің жеңісін шегелей түсті. Футболшыларымыз қанша тырысқанымен, нәтиже шығара алмады.
Есеп — 0:4.