jasqazaq.kz

Қазақстан Каспийде өзінің паром флотын салмақшы

12 шiлде 2022, 15:58

Қазақстан құрғақ жүк таситын паромдардың санын 10-ға жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Қасым Тілепов айтты.

«Қазіргі таңда Ақтау портындағы біздің инфрақұрылымның өткізу қабілеті 21 млн тоннадай болады. Бұл бағытта жүктің кез келген түрін тасымалдай аламыз. Сондай-ақ, біздің өзіміздің сауда флотымыз бар. Нақтырақ айтсақ, 4 құрғақ жүк тиеуішіміз бар. Қазір бұл жүк тиеуіштер Каспий теңізінде жұмыс істеп жүр», — деген комитет өкілі жыл аяғына дейін «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз тасымалдаушысы тағы 2 контейнер тасымалдаушы сатып алатынын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, Қазір Каспийде құрғақ жүк тасымалдау ісінде Әзербайжанның монополиясы орнаған.

«Жалпы өзіміздің паром флотымызды салсақ деген ниетіміз бар. Ұзақ мерзімді келешекте контейнер тасымалдаушы паромдардың санын 10-ға дейін жеткізсек деген жоспарымыз бар. Қазір Каспийде Әзербайжан пороходтары монополия орнатқан», — деді Қасым Тілепов. Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырған еді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр