jasqazaq.kz

Қазақстан халқының саны 18,29 млн адамға жетті

15 қыркүйек 2018, 12:02

Қазақстанда халық саны 2018 жылдың 1 тамызында 18 млн 292,7 мың адамға жетті. Бұл 2017 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштен 238,7 мың адамға немесе 1,3% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 544,3 мың адам немесе 57,6 процент, ал ауыл халқының саны 7 млн 748,4 мың адам немесе 42,4 процент. Республика халқының табиғи өсімі есептік кезеңде 4,4 мың адамға (3,1%) өсіп, 150 мың адамды құраған. Қарастырылып отырған кезеңде 78 мың адам қайтыс болған, былтырғыдан 1% артық. Көші-қон органдарының ұсынған ақпараты бойынша, 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізге келіп тіркелгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 24,8% азайып, 7306 адам болған. Елімізден кетіп жатқан мигранттар саны 12,8% артып, 21 894 адамды құраған. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен жүріп жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді