jasqazaq.kz

«Қазақстан халқына» қорының басшысы тағайындалды

15 қантар 2022, 12:15

Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

«Қазақстан халқына» қорының міндеттері:

денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;

төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;

халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;

Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;

Қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.

Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, мөлшерлемелерді есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдардан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылады.

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы лауазымына қамқоршылық кеңес Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынғаны және шешім бірауыздан қабылданғаны хабарланды.

Болат Жәмішев 2019 жылдың сәуірінде Қазақстан баму банкінен кетті. Бұған дейін ол Қаржы министрлігін (2007-2013 жылдар), Өңірлік даму министрлігін (2013-2014 жылдар) басқарған, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы болды (2004-2006 жылдар). Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр