jasqazaq.kz

Қазақстан дизель отынын Ресейден импорттамақ

29 қыркүйек 2021, 18:06

Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына тоқтауы дизель отынының теңгеріміне ықпал етеді. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.

«Биылғы 1 қазаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтайды. Бұл жөндеу негізінен шілденің аяғы мен тамыздың басында жүргізілуі керек еді. Бірақ мұнай өнімдерінің қорын құру үшін жөндеуді 1 қазанға шегеру шешімі жасалды. Дегенмен, дизель отынын сатып алу деңгейі айтарлықтай өсіп, отын қалдықтары 210 мың тонна деңгейінде тұр, бұл шамамен 11-12 күнге жетеді», — деді Ә. Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, Павлодар зауытын тоқтату ел бойынша дизель отынының теңгеріміне ықпал етеді.

«Ресейден 100 мың тоннаға жуық дизель отынын импорттау керек екенін байқап отырмыз. Осы орайда өткен аптада Ресей Федерациясының Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргіздік. Олар зауыттарға өздерінің нұсқауын берді», — деді вице-министр. Қазіргі уақытта жанар-жағар май станцияларының ірі желілері Ресей Федерациясының жеткізушілерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия