jasqazaq.kz

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Мәскеудің күн тәртібін қолдады

27 қараша 2018, 10:21

Нью-Йоркте 26 қараша, дүйсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің басым бөлігі Керчь бұғазысында болған жағдай бойынша Ресейдің ұсынған шұғыл отырыс күн тәртібін қабылдамады, ол кезде украиналық үш кеме ұсталған болатын.

Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады. Ұсынысты Қытай, Қазақстан және Боливия қолдады. Тағы төрт ел жауап бермей, қалған жеті мемлекет қарсы шықты. Мәскеу «Азау теңізіндегі жағдайдың ушығып бара жатуына және соның артынша болып жатқан жағдайларға байланысты» шұғыл түрде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді сұрады. Отырыстың күн тәртібінде «Ресей Федерациясының шекарасын бұзу» болды. Ресейлік ұйымның тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский жақында болған жанжалда Ресейдің өз шекарасын қорғағанын мәлімдеді. Өз кезегінде БҰҰ-ға қарасты АҚШ тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ пен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі еуропалық одақтастарының Керчь бұғазындағы оқиғаға алаңдаулы екенін және Украинаның егемендігін қолдайтындарын мәлімдеді. «Біз бұл жағдайға аса алаңдаушылық танытып отырмыз, мұның ушығуы қауіпті және халықаралық құқықты бұзу. Біз Украинаның егемендігін және халықаралық қоғамдастық мойындаған шекараның, оның аумағындағы территориялық сулардың тұтастығын нық қолдаймыз», — деп келтірді РИА Новости Хейлидің сөзін. Ол Ресейдің әрекетін «арандату» деп атады. Ресейлік БҰҰ тұрақты өкілі Дмитрий Полянскийдің мәлімдеуінше, Ресей дауыс беру өткізілгені үшін өкінеді. «Сондай-ақ, мынаны айта кетейін, Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде бұл жерде біз маңызды деп есептеп, оларға қатысты күн тәртіптері бойынша мәселе көтеруге Ресейге ешкім де кедергі бола алмайды. Тіпті, сыртқы саясатта тәуелсіздік пен дербестіктен үмітті мемлекеттер жануарлық түйсікке беріліп, вашингтондық ағаларынан қауіптеніп, жұмыс міндетіне, ережесі мен тәртібіне қайшы сценарийді қолдап, берген дауыстары да әсер етпейді», — деді ол. Сонымен қатар, Полянскийдің хабарлауынша, украиналық кемелердің бірінде «арнайы тапсырмалар» бойынша УҚҚ-ның екі қызметкері болған. Ол мән-жайды кейінірек мәлімдейтінін айтты. Дегенмен, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Франция, Нидерланд, Польша, Швеция мен Ұлыбритания украиналық кемелерді босатып, Керчь бұғазы арқылы өтуге рұқсат беру туралы Мәскеуге үндеу жасады. «Ресейді украиналық порттардың Азау теңізінде кедергісіз жүруіне мүмкіндік жасауға шақырамыз…, Керчь бұғазымен өткелді босатып, барлығының барынша ұстамды болып, бұл жағдайды бірден шешуге шақырдық», — делінген елдердің біріккен мәлімдемесінде.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді