jasqazaq.kz

Қазақстан ажырасу жағынан ТМД-да көш бастап тұр

05 желтоқсан 2019, 12:13

Пост кеңестік елдердің ішінде ажырасуға арыз жазатындардың ең көбі Қазақстанда екен. Мұндай мәліметті «Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталығының мамандары келтіріп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Журналистерге есеп берген ұйым өкілдерінің айтуынша, аталған орталыққа 2 500-ден астам азамат жүгініпті. Олардың 2 423-і ажырасу мәселесімен келіп, тек 871-і ғана орталық мамандарының кеңесінен кейін татуласқан.

«Сотқа келіп түскен істердің былтыр 70 пайызы ажырасса, биыл 47 пайызы ажырасты. Оның көп ісі қысқартылады. Іс қысқартылу деген сөз, ол екі жақ татуласады да, арыз беріп істі қараудан бас тартады», — дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Бақыткелді ТҰРЛЫБЕКОВ.

Психологтардың айтуынша, ажырасуға арыз беретіндер – көбіне үйленгендеріне 1 немесе 2 жыл болған жас жұбайлар. Тіпті араларында сәбидің болуы отбасын сақтап қалуға септеспейді екен. Сондықтан шаңырақ көтерер алдында жауапкершілікті сезініп, кез келген қиындыққа дайын болу керек дейді олар.

«Бір байқағанымыз, отбасының бұзылуына үшінші адам ықпал етеді. Ол жұбайлардың арасына түсіп, олардың ажырасуына себеп болады», — деді «Бақытты Отбасы» ресурстық қолдау орталығының психологы Гаухар ОНЖАРОВА.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда