jasqazaq.kz

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын сатып алмайтын болды

04 маусым 2021, 15:11

Қазақстан AstraZeneca коронавирусына қарсы вакцина төңірегінде жүргізілген келіссөздерді тоқтатты, – деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы «СК-Фармация» кеңесінің төрағасы Ерхат Искалиев мәлімдеді.

«Барлығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, AstraZeneca бойынша келіссөздер тоқтатылды. Келіссөздердің тоқтауының басты себебі – вакцинаның айналасында негативтің көп болуы. Pfizer бойынша келіссөздер жүріп жатыр, бірақ жеткізу кестесі жоқ, сонымен қатар белгілі бір талаптар қойылып жатыр», – деп жауап берді Есқалиев.

Оның айтуынша, AstraZeneca вакциналарының айналасындағы жанжал Pfizer вакциналарына сұраныстың артуына алып келді.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың көктемінде бірнеше еуропалық елдер AstraZeneca вакциналарын импорттаудан бас тартты, ал бұл препарат шығарылатын Ұлыбританияда 30 жасқа дейінгі адамдарға AstraZeneca вакцинасын алмау ұсынылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде