Желіде қазақ тілін жетік меңгеріп алған америкалық азаматтың видеосы пайда болды.
NUR.KZ. жазғандай, қазақ тілін үйреніп алған шетелдік азамат әсіресе желі қолданушыларын тәнті еткен. «Шыңғыс аға» деп аталған ер адам өзінің АҚШ-та дүниеге келгенін, бүгінде Ақтауда тұрып жатқанын айтады. Видеода ол сонымен бірге досымен Астанаға келгенін жеткізген.
«Бізге бұл жерде өте қатты ұнайды. Барлықтарыңызға мұнда келуге кеңес береміз. Ал мемлекет тек көркейе берсін. Алла сіздерге разы болсын», — дейді ол.
https://www.facebook.com/bekzhankimanov/videos/vb.100006382936729/2259495457606530/?type=2&video_source=user_video_tab