jasqazaq.kz

Қазақша күрес жарысына келген спортшылар қонақүйде төбелесті

21 маусым 2021, 12:18

20 маусымда полицияның «102» желісіне белгісіз біреудің Қорғалжын тас жолындағы қонақ үй бөлмесінде ер адамды пышақтап, қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жіберілді.

Тексеру барысында бір топ жастың 15 маусымда «Қазақша күрестен» республикалық жарысқа қатысу үшін Ақтөбеден Нұр-Сұлтанға келгені анықталды.

Жарыс аяқталғаннан кейін, 20 маусымда олар қонақ үйге келген. Сол жерде 21 жастағы екі спортшының арасында жанжал туындап, оның арты қырғын төбелеске ұласқан екен. Ақыры бірі екіншісінің кеуде тұсына пышақ ұрған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Ал 21 жастағы күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тергеу барысында жарысты ұйымдастырушылардың әрекетіне де баға беріледі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия