jasqazaq.kz

Қазаққа тиген орыс қызының өкініштен өзегі өртенді

16 қантар 2019, 13:03

Қазақ жігітіне ғашық болып, үлкен махаббатпен тұрмыс құрған орыс қызы өзінің бұл ісіне өкініп қалған. Мұсылмандықты қабылдап, ата-енесіне күнде сәлем салған келіншектің күйеуі жұбайының көзіне шөп салған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

«Тым жас кезімде тұрмысқа шықтым. Бірінші курс студенті едім. Сол уақытта қазақ жігітіне ессіз ғашық болып қалдым.
Сол үшін мұсылмандықты қабылдап, қазақ тілінде еркін сөйлеуді үйрендім. Ата-енеммен 10 жыл бірге тұрып, күнде таңертең сәлем де салдым. Күйеуім үйдің кенжесі еді.
Үйімізден қонақ арылмайтынына қарамастан, «шаршадым» деп шағымданбадым. Бәріне үлгеріп жүріп киім дүкендерін аштым. Күйеуім аяқтан тұрып кетуіме көмектесті.
Осы жылдар ішінде балаларымыз өмірге келіп үлгерді. Алайда бұл бақытымыз ұзаққа созылмады. Бір күні күйеуімнің іссапарға кетіп, менімен жасты күйеуге тимеген қызбен кездесіп жүргенін білдім.
Қазіргі уақытта бес баламыз бар. Менің күйеуіме деген ренішім, өкпем қара қазандай. Күйеуімді баламен тоқтата алмайтынымды түсіндім. Енді әрі қарай не боларын білмеймін», — деген келіншек Аstana_forum2017 парақшасында жан сырын ақтарған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда