jasqazaq.kz

«Қазақалтын» кенішінен алтын ұрлағандар ұсталды

05 сәуiр 2021, 11:17

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінде 122 миллион теңгенің алтынын ұрлағандар ұсталды.

Полицияның мәліметінше, криминалдық полиция мен тәжірибелі тергеушілерден тұратын арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары кешені өткізілді. 300-ге жуық адамнан жауап алынды, кәсіпорын нысандарында, сондай-ақ ауылдың периметрі бойынша орналасқан бейнебақылау камералары түсірген бейнежазбалар зерттеліп, талданды.

Жолымбет елді-мекенінің 26 және 34 жастағы екі тұрғыны жедел қызметкерлердің назарына ілікті, екеуі де «Қазақалтын» ТМК » АҚ жұмысшылары болып табылады.

Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде қаскөйлер қылмыс жасалғанға дейін алты ай бұрын бұл қылмысты жоспарлағаны анықталды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Күдіктілер кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер табылды: дәл сол мөлшерде фабрикадан ұрланған катодты алтын қылмысқа қатысы бар күдіктінің бірінің туысына тиесілі пәтерден алынды.

2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланған. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі, «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия