jasqazaq.kz

Қазақ жерінде ядролық қару үні өшкеніне 30 жыл толды

29 тамыз 2021, 11:00

Бүгін — Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. Есте болса, 2009 жылы Қазақстан БҰҰ Бас ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынған болатын. Ал 2010 жылы БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялаған еді.

Тарихи деректерге жүгінсек, 40 жылдың ішінде республика аумағында 456 жерасты және жерүсті сынағы жасалды. Олардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 есеге асып түседі. Жалпсы осы уақытқа дейін бүкіл әлемде жасалған барлық сынақтардың 24 пайызы Қазақстан аумағында орын алды.

КСРО ыдыраған тұста Қазақстан территориясында, нақтырақ айтқанда Семей, Сарыөзек және Байқоңырда әр қайсысында 10 оқтұмсық қондырылған 108 зымыран тұрақты кезекшілікте тұрды. Ал ядролық заряды бар оқтұмсықтардың жалпы саны 1 400 дана еді. Сонымен қатар, 240 ядролық қанатты зымырандармен жабдықталған 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақтар болғаны есте.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия