jasqazaq.kz

Қазақ тіліне қатысты сот отырысы орыс тілінде өтті

26 қазан 2019, 12:44

Қуат Ахметов арызын сауда орталығындағы тілге қатысты өрескел олқылықты көріп, 2 ай бұрын сотқа шағымданыпты. Тауар атаулары түгелдей тек орыс тілінде жазылғанын көріп, ренішін білдіріпті. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

7 жылбойы мемлекеттік тіл мәртебесі үшін күресіп жүрмін деген азамат жақында Қостанай өңірінен Алматыға қоныс аударған. Бұған дейін түрлі деңгейдегі 16 нысан Қуаттың қазақ тіліндегі ескертпесін бірден қабылдап, жазбаларын өзгертіпті.

«Арзан» супермаркетімен соттасу мақсатым емес еді, дейді. Оның айтуынша, «Арзан» дүкені талабын орындамай қойыпты.

«Олар «Бастыққа айтамыз» деді. Сонымен кетіп қалды. Бір аптадан кейін келдім, өзгеріс жоқ. Қайда барсаң, онда бар дейді. Конституцияның 7-бабы, мемлекеттік тіл – қазақ тілі және тілдер заңы, тұтынушылар бабы.

«Арзанға» қатысты істі Алатау аудандық соты қарастырып жатыр. Қазақ тіліне қатысты сот ісі орыс тілінде өтті. Себебі, шағым орыс тілінде жазылған. Қуат Ахметовтен себебін сұрағанда заң орындарының арызды орыс тілінде қабылдағанын айтты.

Сот отырысына «Арзан» супермаркетінің өкілі де қатысты. Тіл туралы кемшіліктің барын мойындағанымен, тауар атауларын қазақша жазуға техникалық мүмкіндік жоқ дейді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда