jasqazaq.kz

Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуымыз қажет

11 сәуiр 2019, 14:55

Профессор Шерубай Құрманбайұлы қазақ тілін ғылым тілі ретінде қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Ғалымның айтуынша, бүгінде қазақ тілі ғылым мен теxнология саласында кеңінен қолданылмайды. Қоғам тарапынан оған деген қажеттілік те толық туындамай отыр. «Неге? Біріншіден, қазақ тілі ғылым тілі ретінде ядролық физикада, кибернетика, ақпараттық теxнологиялар саласында, энергетикада, медицина, қаржы саласында қолданылса, сұраныс болатын еді. Мәселен, Ұлттық банк пен қаржы министрлігі қазақша сөйлеп тұрса, онда қаржы терминологиясының дамуына қажеттілік те, негіз де қалыптасады. Мамандарды да іздей бастайды. Ал қазақ тілі осы салаларда қолданылмайынша қазақ тіліндегі терминологияның орнығуына біз негіз қалай алмаймыз. Осыны ашық айтуымыз керек. Бұл барлық ғылым саласына байланысты», — деді Ш.Құрманбайұлы Парламент Мәжілісінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда.

Оның сөзіне қарағанда, кеңестер кезіндегі саясатқа байланысты энергетика, теxника, құқық қорғау сияқты көптеген салаларда мемлекеттік тілдің қолдану аясы шектелді. Соның салдарынан қазақ тілі аталған салаларда ғылым тілі ретінде өрісін жайып кете алмады. Аталған дәстүр әлі күнге дейін жалғасып келеді. «Сосын бүгінде терминдерді қалыптастырудың ғылыми қағидаттары әлі айқын емес. Терминологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі бір баршаға ортақ ұстанымдар мен қағидаттар басшылыққа алына бермейді, немесе оларды жауапты құрылымдар мен осы жұмысқа жетекшілік етушілер қалауына қарай өздері белгілейді және жиі өзгертеді. Терминологияға бұлай қарау бұл саладағы жұмыстың жолға қойылмағандығын, істі ғылыми, кәсіби тұрғыдан тиісті деңгейде жүргізілмей отырғандығын көрсетеді. Соның салдарынан тұрақты қолданылатын ұлттық ғылыми терминологиялық қор толық қалыптаспай отыр», — деп атап көрсетті Ш.Құрманбайұлы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда