jasqazaq.kz

Қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын қысқарту керек, сонда ғана бәрі қазақша үйренеді

30 қыркүйек 2020, 18:03

Тележүргізуші Анна Данченко қазақ тілінінің мәртебесін қалай көтеру керек екенін айтты. Журналист ұлты өзге болғанымен қазақша ойлайтынын талай айтқаны есімізде. Нақты талап қойғанда ғана қазақ тілін үйренушілер саны артады дейді тележүргізуші.

«Орыс тілінің (ҚР Конституциясының 7-бабы) ресми тіл екені жөніндегі түсініктемені алып тастаса деймін. Мәселен, мен қазақша білмеймін дейік. Жұмыс берушінің басты талабы — қазақ тілін білу міндетті екені айтылса. Заң талабына сәйкес, қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын 30 пайызға дейін қысқартса. Сіз келіссеңіз де, келіспесеңіз де сондай заң солай. Бірақ ешкім жалақысының қысқарғанын қаламайды. Жұмысшы ақша керек болғандықтан қазақ тілін үйренеді. Ол ақша жерде шашылып жатқан жоқ. Адамдарға осылай сабақ беру керек. Егер бұл елде қазақ тілінің дамығанын қаласақ, әрбір азаматтың қазақша сөйлегенін қаласақ, заң тұрғысында осындай талап қою керек. Адамдар қорқытқанда ғана, өзіне қолайлы емес болғанда ғана, мақсатына жетеді», — деді Анна Данченко.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында талқыға түсті. Бірі тележүргізушіні қос қолдап қолдаса, бірі енді қарсы шықты.

«Әлі бір қазақ мынадай ұсыныс айтпаған қателеспесем, дұрыс айтады», «Әй, осы қызды келін қылып алу керек еді», «Дұрыс қосыламын. Маған салса елу пайызын қысқартып тастар едім. Ана тілін менсінбей жүрген шала миларға дұрыс болар еді», «Ризамын ғой осы қызға», «Ұлты қазақ болмаса, оларды күштеп қазақша үйрету керекпіз бе? Бұл зорлық емес пе?».

«Мемлекеттік тілді білу — міндет. Мен бір мекеменің басшысы болсам, қазақ тілінен тест жасатып барып, онда да 80 -100 пайыз жинаса, қабылдар едім. Қалған 20 пайызды жұмыс барысында әріптестерінен үйренер еді. Жерін басып, ауасын жұтып, суын ішіп, нанын жеп жүрген соң, жергілікті тілді де, халқын да сыйлау керек», «Біз қажет болған кезде орыс тілін үйрендік, олар да қажет болса үйренеді зорламай-ақ».

«Радикалды әдіс дұрыс деп ойламаймын. Өйткені қазақ тілінде өзге ұлт өкілі қызығатындай пайдалы ақпарат жоқтың қасы (ғылыми материалдар, әлемдік әдеби кітаптар , фильмдер). Одан кейін екінші мәселе өзге ұлттың өкілдері арасында білікті мамандардан айырылып қалумыз мүмкін. Әзірге министрлік пен депутаттарға қазақ тілін міндеттеген жөн деп ойлаймын. Ескере кететін жайт ғылыми, әлемдік әдеби пен фильм салалары қазақ тіліне аударылмай тіл мәселесін шеше алмаймыз», — деп жазды олар.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия