jasqazaq.kz

Қазақ қызы шетел азаматына тиетінін айтты

13 тамыз 2018, 10:32

Көкшетаулық бойжеткен қазақ азаматымен бас қоспайтынын айтып, жан сырын ақтарды. Айтуынша, бүгінде қазақстандық ер-азматтар тым ұсақталып кеткен екен. Ару «шетел азаматы ұсыныс жасаса, қазір тұрмыс құруға дайынмын» дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Көкшетаулық Аружан (авт. аты-жөні өзгертілді) есімді бойжеткен қазақ жігіттерінің тым ұсақталып кеткенін айтып, ағынан жарылды. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, «қазіргінің ер-азаматтары ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге тым құмар» екен.

«Жасыратыны түгі жоқ, қазақ жігіттерінің бойында нағыз еркекке тән қасиет азайып барады. Бірі жеңіл жолмен ақша табуды көздейді, енді бірі тіптен ақша таппай, әйелінің мойнында отырсам дейді. Былайша айтқанда, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді ұнатады. Мен әкесіз өскен қызбын, сондықтан анам екеуміз ешқашан қол қусырып, еңбексіз отырған емеспіз. Өзім оқып, өз күшіммен оқуға түстім. Болашақ жарымның да бойынан сондай қасиеттерді көргім келеді. Алайда, өкініштісі, бүгінгі ер-азаматтар мүлде олай емес, көп сөйлейді, іске жоқ»,-дейді бойжеткен.

Бойжеткеннен, сөз арасында «шетел азаматы ұсыныс жасаса, жат жұрттықпен шаңырақ көтеруге дайынсыз ба?» деген сауал да қойып үлгердік. Айтуынша, «ұсыныс болса, олшетелдікке тұрмысқа шығуға қазірдің өзінде әзір» екен.

Мен кішкентайымнан анама өлсем де қазақ жігітіне тұрмысқа шықпаймын деп айтатынмын. Қазақтың жігітінің бірі – өз әкем. Туғанымнан мені бір иіскеп, іздеп келген емес. Мүмкін сол реніштің соңы осындай жек көрушілікке алып келген шығар. Әрине көпке топырақ шашуға болмайды, жақсы азаматтар да бар. Бірақ олар өте аз. Дәл қазір шетел азаматы тұрмысқа шақырса, шаңырақ құруға дайынмын. Сол жолда тіпті ағылшын тілін де оқу үстіндемін. Шетелде оқуымды жалғастырып, сол жаққа қалу сияқты арманым бар. Бәрі Алланың қолында, тағдыр қалай жазылса, солай болады»,-деп әңгімесін аяқтады ару.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде