jasqazaq.kz

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

14 қазан 2019, 23:02

Үндістанда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Меруерт Камалиденова алтын жүлдені қанжығасына байлады. Ол қыздар арасында 14 жасқа дейінгі категорияда әлемнің 42 елінен келген 82 шахматшының ішінен үздік атанды.

Сонымен бірге, 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен Назерке Нұрғали екінші орынды иеленіп, Қазақстанға медальмен оралды.

«Жеке турнирлерде екі медальмен қатар, Қазақстан жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды. Әлем чемпионатына жасөспірімдер арасында бірнеше жүздеген үздік шахматшылар қатысты және біздің ойыншылар лайықты нәтижелер көрсетті», — дейді Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов.

Ойындардың нәтижелері бойынша төрт қазақстандық Меруерт Камалиденова, Назерке Нұрғали, Әсел Серікбай және Рамазан Жалмаханов халықаралық шеберлердің нормаларын орындады.
«Қазақстандағы балалар арасындағы шахмат қарқынды дамып келеді, халықаралық чемпионаттардан жиналған медальдар жылдан-жылға артуда, — дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, — Қазіргі жасөспірімдер – бұл келешекте елімізді әлемнің шахмат аренасының жаңа деңгейіне шығаратын негізгі құрама екенін түсінуіміз қажет».

Жасөспірімдер арасындағы шахмат бойынша әлем чемпионаты 64 елден 450-ден астам спортшыны жинады. Жарысқа Қазақстан атынан 9 шахматшы қатысты.

Қыздар арасындағы 18 жасқа дейінгі категорияда қызылордалық Әсел Серікбай үздік бестікке кірді. Сондай-ақ, Аманжол Сұлтан (14 жасқа дейін), Лия Құрманғалиева (14 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (16 жасқа дейін), Әсел Лесбекова (16 жасқа дейін), Рамазан Жалмаханов (18 жасқа дейінгі) үздік жиырмалыққа кірді.

Дереккөзі: stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда