jasqazaq.kz

Қазақ қызы Африкадағы 280 отбасын тамақтандырды

28 мамыр 2018, 18:20

Павлодар тұрғыны Тоғжан Ынтықбаева күйеуімен және достарымен бірге Африкадағы мұқтаж балаларға көмектесуді ұйғарған. Олар ақша жинап, ондағы 280 отбасын тамақтандырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тоғжан Ынтықбаева Instagram желісіндегі парақшасында Африкадағы мұқтаж балаларға көмектесу үшін барған сапарынан сурттер жариялады.

Тоғжанның айтуынша, ол күйеуі және достарымен бірге арнайы QR-коды бар карталар сатып, сол арқылы 2,5 миллион теңге жинаған. Ал жиналған ақшаға бір тонна ұн, 750 келі күріш, 750 келі қант, 250 келі тұз, сонымен қатар кофе, қызанық пен макарон сатып алыпты. Бойжеткен жалпы саны 280 пакет жинаған.

Тоғжанның сөзінше, Африкада өмір сүруге дұрыс жағдай жасалмаған.

«Бәрі игі іс жасауға деген кішкентай ғана ниеттен басталған еді. Алайда қазақстандықтардың мейірімділігі бізге 2,5 миллион теңге жинауға көмектесті. Бүгін біз ауылда 10 пакетті үлестірдік. Оны тағы екіге бөлдік. Себебі ауыл тұрғындары еккен егіндерін талғажау ететіндіктен, бізге осылай кеңес берді», – дейді Тоғжан.

Сондай-ақ, Тоғжан Ынтықбаева Қазақстан мен Африкадағы кейбір заттың бағасын салыстырды. Елімізде 1 литр шырынның бағасы 400-500 теңге болса, Африкада 1500-2000 теңгеге сатылады. Ал Қазақстанда жөргектің кішкентай қаптамасы 1000-1200 теңгеге сатылса, Африкада бағасы 10 000-12 000 теңгені құрайды.

Сонымен қатар Тоғжан ақша жинауға көмектескен қазақстандықтарға алғыс білдірді. Оның сөзінше, ендігі Африкадағы 280 отбасы бір ай көлемінде тоқ жүретін болады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді