jasqazaq.kz

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты

05 маусым 2020, 13:44


Қазіргі уақытта екі ел шекарасында жеті өткізу бекетінің екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Қазақстан тарапында кезек жоқ. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды түсіндірді. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта көлік шекарадан «Қарасу» және «Айша бибі» өткізу бекеттері арқылы ғана жүре алады.

Өзге бес бекет санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанға дейін уақытша жабық. 30 наурыз күні Қазақстан үкіметінің тиісті қаулысы шыққан.    «Сондықтан екі өткізу бекетінде көлік көбейді. Қазақстан жақтан «Қарасу» өткізу пунктінде жүк көлігінің кезегі жоқ. Қырғызстан жақтан 100 жүк көлігі жиналған. «Қарасу» өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр», — деді ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

Ведомствода жүк тасымалына шектеулер мен кеден қызметі бақылауы күшейтілмегенін алға тартты.   Сондай-ақ санитарлық, экспорттық және өзге шектеулер шекара қызметінің құзырында емес екені айтылып отыр.

Қырғызстан вице-премьерінің шағымы 

Қырғызстанның вице-премьері Эркин Асрандиев 4 маусым күні қазақ-қырғыз шекарасында бірнеше тәулік бойы 400-ге жуық жүк көлігі тұрғанын айтқан болатын. Ол қазақстандық тарап құжаттарды ұзақ рәсімдеп жатқанын жеткізді. Мәселені жою үшін Қырғызстан ЕАЭО-ны пайдалануды жоспарлап отыр.

 Sputnik

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия