jasqazaq.kz

Қазақ-қырғыз шекарасындағы контрабанда

03 наурыз 2020, 14:32

Қазақстан шекарашылары жанар-жағармайды шекара арқылы тасымалдауға арналған жерасты магистралін анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Мемлекеттік шекараның күзетін қамтамасыз ету міндеттерін атқару барысында қазақстандық шекарашылар қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп, қазақ-қырғыз шекарасы бағытындағы Жамбыл облысының шекара маңындағы аумағынан жер астына қазып төселген екі пластикалық шлангіні анықтады. Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды. Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз отын тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жер асты магистралі болуы ықтимал», — делінген хабарламада. Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде