jasqazaq.kz

Қазақ-қырғыз шекарасынан табылған қыздың туыстары іздестіріліп жатыр

12 ақпан 2019, 21:20

 Таразда тек қана аты жөні ғана белгілі бойжеткеннің туыстары іздестіріліп жатыр. Қазақ-қырғыз шекарасынан табылған жас шамасы 22-дегі қыз бейімдеу орталығында. Мұндағы мамандар оның құжаттарын рәсімдей алмай қиналуда. Себебі тұрғылықты мекен жайын білмейді. Сондықтан орталық қызметкерлері бойжеткенді танығандарға хабарласуды сұрайды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Аты-жөнін еміс-еміс есіне түсірген Алтынай Тұрсыноваға ежіктеп сөйлеудің өзі қиын. Ақыл есінде ауытқушылығы бар, әріп танымайтын, санауды да білмейтін бойжеткеннің оқымағаны байқалады. Ал жас шамасы 20-дан асатын қыз өзін үштемін дейді.

Алтынай Тұрсынова:

-Үйден не үшін шығып едің?

-Мама арақ ішіп, ұрғасын шығып кеттім.

-Ұра ма сені?

-Папаң екеуі біреге іше ме?

-Иә

Қыздың әке-шешесі, екі бауыры бар көрінеді. Оның айтуынша, ішкілікке жақын ата-анасынан жиі жәбір көргендіктен, қашып құтылған. Сөйтіп адасып жүрген Алтынайды шекара шебінен тәртіп сақшылары тауып алыпты. Б

отакөз Қалқабаева, Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық психологы:

-Қызда қорқыныш сезімі бар, эмоциялық аясы тұрақсыз. Бойында қорқыныш сезімі қатты қалыптасып қалған. Тіпті жауап беруге де қорқақтайды. Орталыққа екі жеті бұрын тапсырылған мына қарияның да тағдыры қиын. Ақыл есінің ауытқуы бар ақсақал өткен ғасырдың 20-шы жылдары туылғанымен дейді. Бірақ жасым 20-да деп отыр. Алматыда жалданып жұмыс жасадым деген ол Таразда қайдан жүргенін түсіндіре алмады. Күш-қуаты әлі сарқыла қоймаған Бахуддин ата теңгені тұңғыш көріп таңқалдырды.

-Мынау қанша теңге?

-10 мың -Ал мынау ше?

-5 мың

-Мынау он, мынау бес мың дейсіз бе?

-Таптым мен.

Алтынай мен Бахуддин ақсақал да тұрғылықты мекен жайын білмейді. Сондықтан екеудің жеке басын анықтап, құжат рәсімдеу қиындық туғызуда. Ал орталық қызметкерлері бұларды танығандар болса, хабарласуды сұрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде