jasqazaq.kz

Қазақ даласында киік төлдеп жатыр

17 мамыр 2021, 11:18

Қазақстан аумағындағы киік мекендейтін өңірлерде (10 облыс) ағымдағы мамыр айының соңына дейін жалғасатын киіктің төлдеу кезеңі басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған байланысты, мамыр айының басынан бастап, төлдеу үшін қауіпсіз жағдай жасау мақсатында, киіктер жиналатын және қоныс аударатын жерлерде күшейтілген рейдтер жүргізілуде.

Осы іс-әрекеттің барлығын бақылау үшін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ақмола облысының Жақсы ауданына баспасөз турын ұйымдастырды.

Бұған дейін хабарланғандай, бұйрық негізінде табиғатты қорғау құрылымдарының қатысуымен (ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ЭГТРМ) кең ауқымды «Киік» табиғатты қорғау акциясы өткізілуде.

Акция аясында, киіктер мекендейтін (шоғырланған) және төлдейтін учаскелерде блок-бекеттер қою арқылы қорғау іс-шаралары күшейтілді.

Акцияға экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК 200-ден астам инспекторы жұмылдырылды.

Айта кету керек, киіктердің Дүниежүзілік популяциясының 90%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

Мұнда киіктердің Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді 3 популяциясы мекендейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық