jasqazaq.kz

Қазақ боксшысы Қытай ұлттық құрамасына қабылданды

03 шiлде 2018, 14:18

Қытайда тұратын қандасымыз Тоқтарбек Таңатханұлы бокстан Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қытайдағы kazakh.people.com порталы мәлім етті. Аталған басылымның дерегіне сүйенсек, бокстан Қытайдың ұлттық құрамасына Шыңжаң автономиялық өлкесінен екі боксшыға шақырту келіп түскен. Соның бірі біздің қандасымыз — Тоқтарбек Таңатханұлы. Таңатханұлы қазір Қытайдың ішкі біріншіліктерінде 75 келі салмақта сынға түсіп жүр. Ол осы жылы өз салмағында Қытай біріншілігінде топ жарып, чемпион атанған болатын. Қазақ боксшысының болашағынан зор үміт күткен бапкерлер қандасымызды осы жылы Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына апарып, бағын сынамақ ниетте. Естеріңізге сала кетейік, Тоқтарбек Таңатханұлы 2018 жылы қаңтар айында 2017 жылғы қытайдың «Бокс королі» чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, «король» чемпиондық белдігін иемденген болатын.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді