jasqazaq.kz

Қауқарсыздардың пәтерін тартып алған риэлторларға сот үкімі шықты

01 маусым 2018, 16:20

Алматыда 2017 жылдың күзінен басталған аты шулы қара риэлторлар ісіне нүкте қойылды. Бүгін қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сот алдында подполковник, полиция майоры, нотариус жауап берді. Олардың басшысы Нодар Исмаилов кезінде қалалық ІІД басшылық қызметте болған.

Нодар Исмаилов ҚР ҚК-нің 262-бабы «Қызметтік лауазымын пайдалана отырып, қылмыстық топ құру» бойынша, 190-бабы «Мемлекеттік қызметтегі тұлға бола тұра аса ірі көлемде алаяқтық әрекетін жасау» бойынша, ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша «Алдын ала ақылдаса отырып, жалған құжат жасау» бойынша айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметке тағайындалудан шеттетілді. Сонымен қатар сот бұрынғы полицейді подполковник шенінен айырды. Сотталушы Елена Губская да осы баптар бойынша айыпты деп танылды. Судья оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Полиция майоры Абзал Айдаралиев ол кезде Алатау ауданында учаскелік инспектор болып қызмет атқарған. Айдаралиев ҚР ҚК-нің 190-бабы «Мемлекеттік қызметтегі тұлға бола тұра аса ірі көлемде алаяқтық әрекетін жасау» бойынша айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жеке нотариус Ләззат Имашеваға да жоғарыда айтылған баптардан бөлек ҚР ҚК 251-бабы «Жеке нотариустың құзырын асыра пайдалану» бойынша айып тағылған еді. Аталған қылмысы үшін Ләззат Имашева 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Оған 5 жыл бойы нотариалдық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Вячеслав Коршунов — 6 жылға, Гүлжан Хамраева — 6 жылға, Сәкен Шерімбетов — 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Әбдіғали Мырзақұлов 5 жылға шартты түрде сотталды. Мұхамеджан Нагметовтің 5 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Игорь Сайтабаруковтың 5 жылға бас бостандығы шектелді. Айта кету керек, қылмыстық топтың әрекеті биыл ақпанда әшкере болған еді. Олар өзара ымыраласып, қауқарсыз қарттардың, жалғыз тұратын адамдардың үйлерін тартып алып отырған. ІІД басшылық қызметінде болған Нодар Исмаилов дерек қор арқылы іздейтін адамы жоқ жалғызілікті тұлғаларды анықтап отырған. Нотариус Ләззат Имашева болса үйдің жалған құжаттарын рәсімдеп беріп келген. Ал қылмыстық топтың басқа мүшелері үйдің иесі ретінде таныстырып, клиенттерге сатып отырған. Учаскелік инспектор Айдаралиев пәтерлерді бақылап, ішінде адам жоғына көз жеткізіп отырған. Осылайша қылмыстық топ қысқа мерзімде ондаған қала тұрғынының пәтерін сырттай сатып жіберген.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді