jasqazaq.kz

Қауіпті ет өнімдері табылуда

26 желтоқсан 2018, 15:15

Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу барысында Қазақстан аумағына жеткізілген азық-түлік өнімдерінің сынамасынан гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талабының бұзылғаны анықталды. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінен мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Беларусьтан жеткізілген «Дружба» құс фабрикасы» ААҚ-ның тауық етінен (Қостанай облысының сауда нысандарында) сальмонелла және ішек құрты бактериялары анықталған. Ал Ресейдің «Омский бекон» АҚ өндірген «Измайловская», «Оригинальная» шұжықтарынан, «Сибирские колбасы» ААҚ-ның «Молочные» сосискасынан «Стародворские колбасы» ЖАҚ-ның «Ветчина столичная Вязанка» ет өнімдерінен, «Восходящая звезда» ААҚ-ның «Особоя» шұжығында (Солтүстік Қазақстан облысының сауда нысандарында) натрий нитратының салмақ үлесі артық болып шықты. Сонымен қатар, Қостанай облысының сауда нысандарындағы ресейлік «Нагайбакский птицеводческий комплекс» компаниясы өндірген сорпаға арналған тауық еті жиынтығында да сальмонелла бактериялары табылып, мемлекеттік тілдегі таңбалануы жоқ болып шыққан. Ал Ақмола облысында Ресейдің «Магнитогорский птицеводческий комплекс «Бройлерное производство» ААҚ өндірген тауық етінде, Жамбыл облысында «Птицекомбинат» ААҚ-ның тауық етінде микробтық тұқымдану көрсеткіштерінің сай еместігі анықталды. Қазіргі уақытта аталған қауіпті өнімдерді сауда нүктелерінен алып тастау және жеткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шара қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер