jasqazaq.kz

Қауіпті дертке қалай қарсы тұрамыз?

27 мамыр 2019, 11:09

Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Педиатрлар одағы және мукополисахаридозға шалдыққан науқастардың қазақстандық қорының ұйымдастырумын «Мукополисахаридозға шалдыққан науқастарды ерте анықтау және менеджмент мәселелері» тақырыбына арналған семинар өтті.
Тәжірибе алмасу мақсатындағы семинарға Әзірбайжан және еліміздің барлық өңірінен педиатриялық бейіндегі 40-тан астам дәрігерлер қатысты.
Шеберлік сыныптың басты мақсаты – балаларда кездесетін мукополисахаридоз ауруын қазіргі заманғы емдеу әдістері бойынша дәрігерлердің теориялық білімі және практикалық дағдыларын әрі қарай жетілдіру және асқынулардың алдын алу және оны емдеудің заманауи әдістерін оқыту.
Мукополисахаридоз бойынша республикалық үйлестіруші, медицина ғылымдарының докторы, Педиатрия орталығы консультациялық-диагностика бөлімінің балалар гастроэнтерологы Майра Шарипова арнайы баяндама жасап, Қазақстандағы сирек аурулар мәселелерінің қазіргі жағдайымен таныстырды.
Семинар барысында мукополисахаридоз ауруы кезінде жүйке және қимыл-тірек жүйелерінің зақымдануы, медикаментозды түзету мүмкіндігі, олардың хирургиялық емдеуге көрсетілімі, сирек ауруға шалдыққан пациенттерге анестезиологиялық жәрдем кезіндегі қиындықтар және олардан арылудың жолдары, ерте диагностикалау және т.б. мәселелер бойынша баяндамалар жасалып, түрлі күрделі клиникалық жағдайлар қаралды.
Шараның екінші күні Германиядан келген сирек аурулар орталығының білікті дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Кристина Лампе арнайы баяндама жасап, еліміздегі әріптестерімен сирек ауруларды, оның ішінде мукополисахаридозды емдеу бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді