jasqazaq.kz

Қауіпсіздік сертификаты VPN-ды бұғаттай алады

26 шiлде 2019, 14:49

ҰҚК мемлекеттік техникалық қызмет директорының орынбасары Зекен Исмайылов қауіпсіздік сертификатының VPN-ды бұғаттай алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қауіпсіздік сертификатының көмегімен VPN-ды бұғаттау үшін соттың шешімі немесе құзіретті мемлекеттік органның нұсқауы қажет.

«Негізі, техникалық тұрғыда олай істеуге болады. Қауіпсіздік сертификаты тек қауіпті контентті ғана бұғаттайды. Ал соттың шешімі немесе құзіретті мемлекеттік органдардың нұсқауы болса, VPN да бұғатталады. Ондай шешім болмаса, бұғатталмайды», — деді Исмайылов журналистерге берген сұқбатында.

Спикер қауіпсіздік сертификатының сенім мәртебесін алмағанын да түсіндірді. Оның айтуынша, алдағы уақытта осы мәртебені алу жоспарланып отыр.

«Сенім мәртебесін алу – бұл арнайы процедура. Одан өту үшін уақыт қажет», — деді ол.

Журналистер қауіпсіздік сертификатын орнатқан адамдардың статистикасы қалай жүргізілетінін де сұрады. Исмайыловтың сөзіне қарағанда, ондай есеп жүргізілмейді. Себебі мұны жасау үшін әрбір адамның ұялы телефонына кіру керек.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда