jasqazaq.kz

Қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкетті

16 қантар 2021, 17:00

Шығыс Қазақстан облысында қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Шуақ ауылында жылдамдығы секундына 32 метрге жететін жел тұрып, қазандық ғимаратының шатырын жартылай ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ.

— Қазіргі уақытта сол жерде жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия мүшелері жұмыс істеуде. Қазандық ғимаратының жалпы ауданы 1250 шаршы метрді құрайды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД өңір тұрғындарына 16-17 қаңтар күндері секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғатынын ескертеді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия