jasqazaq.kz

Қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырды

03 маусым 2020, 16:38

Шығыс Қазақстан облысында қатты соққан жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 маусым күні жылдамдығы секундына 16-20 метрге жететін жел соғып, облыстың 3 ауданындағы ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен. Атап айтсақ, Көкпекті ауданы Тассай ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің шатыры бүлінді. Сондай-ақ Абай ауданы Құндыз ауылында орналасқан білім ордасы шатырының біраз бөлігін жел жұлып әкеткен.

«Дауылдың салдарынан әсіресе Жарма ауданындағы нысандарға зақым келген. Мұнда Қапанбұлақ ауылындағы ауданы 1150 шаршы метрге жететін Т.Хасенұлы атындағы орта мектептің шатыры бұзылды. Жарма ауылында әкімдік ғимараты зақымданған. Қатты жел 60 шаршы метрлік шатырды ұшырып әкетті. Бұдан бөлек, ауыл клубының, «ҚТЖ» АҚ әкімшілік ғимаратының және мешіттің шатыры бүлінген» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Департамент мәліметінше, зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия сол жерлерде жұмыс істеуде. Сонымен қатар Көкпекті, Күршім және Жарма аудандарының бірқатар елді мекендерінде қатты желден электр қуаты өшіп қалған. Осының салдарынан 1288 үй жарықсыз отыр.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия