jasqazaq.kz

Қатты жел аудандық аурухананың шатырын жұлып кетті

15 қантар 2021, 12:29

Батыс Қазақстан облысында қатты жел аудандық аурухананың шатырын жұлып түсірді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 14 қаңтар күні сағат 18.0-де Қаратөбе ауданы орталығы Қаратөбе ауылында болды.

Ұйтқи соққан жел салдарынан аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем корпусының шатыры сыпырылып түсті. Оның аумағы 220 шаршы метрді құрады.

Ғимараттың жалпы ауданы – 1375 шаршы метр. 1998 жылы пайдалануға берілген ғимараттың 2008 жылы шатыры жөнделген.

Сондай-ақ осы күні сағат 19.00-де Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылдық округі Алакөл ауылында медициналық пункттің жылыту қазандығының шатыры (20 шаршы метр) ұшып кетті. Бұл ғимарат 2018 жылы іске қосылған.

Екі оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға ескерту жарияланған күндері мейлінше сақ болу керектігін еске салады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия