jasqazaq.kz

Қатар-2022: Швейцарияны ойсырата ұтқан Португалия ширек финалға шықты

07 желтоқсан 2022, 9:27

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Швейцарияны ойсырата ұтқан Португалия ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Португалия бапкері Фернанду Сантуш бұл ойынға құрама капитаны Криштиану Роналдудың орнына «Бенфика» клубының шабуылшысы, 21 жастағы Гонсалу Рамушты шығарды.

Бұл — 68 жастағы тәжірибелі жаттықтырушының көрегендігі деуге болады.

Бірінші таймда 17-минутта Жоау Феликстен пас алған Гонсалу Рамуш жақын тоғыздықты дәл көздеді.

Команда капитаны Пепе 33-минутта бұрыштамадан Бруну Фернандеш әуелете асырған допты баспен торға топ еткізді – 2:0.

Екінші кезеңде 51-минутта Г.Рамуш тағы да мергендігімен көзге түсті. Арада 4 минут өткенде Рафаэл Герейру өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 4:0.

58-минутта бұрыштамадан берілген доптан кейін швейцариялық Мануэль Аканджи есепті қысқартты.

Алайда 67-минутта матч барысында шабуылды тамаша ұйымдастырған Ж.Феликстен пас алған Г.Рамуш есепті 5:1-ге жеткізді. Бұл — осы чемпионаттағы алғашқы хет-трик еді.

Гонсалу Рамуш біріншілік мергендерінің қатарына қосылды. Оның алдында 5 гол соққан Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе ғана бар.

Алаңға тыңнан қосылған Рафаэл Леау матчтың әдемі нүктесін қойды – 6:1.

Осылайша, Швейцарияны 6:1 есебімен ойсырата ұтқан Португалия 10 желтоқсанда Марокко құрамасымен жартылай финалға шығу үшін таласады.

Сөйтіп дүниежүзілік додада ширек финалға шыққан барлық сегіз команда анықталды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр