
Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы да сенсация тіркелді.
Чемпионат фовариттерінің бірі саналған Бразилия құрамасы Қатарда өтіп жатқан дүбірлі додамен қош айтысты. Неймар бастаған кіл мықты хорваттарға жол берді. Тартысқа толы ойында қос құрама негізгі уақытта бірін-бірі ала алмады. Овер таймда бір-бірден гол соққан қос құрама пенальтилер сериясына жүгінді. Пенальтиден хорваттардың асығы алшысынан түсіп, жартылай финалға жолдама алды.