jasqazaq.kz

Қатар-2022: Германия құрамасы плей-оффқа шыға алмады (Видео)

02 желтоқсан 2022, 9:54

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Е тобында Коста-Рика мен Германия құрамалары плей-офф жолдамасы үшін сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл топта екі турдан кейін Испания (4 ұпай) көш бастаса, Жапония мен Коста-Рикада 3, Германияда 1 ғана ұпай бар еді. Сондықтан бұған дейін төрт дүркін әлем чемпионы атанған германиялықтарға соңғы ойында тек жеңіс қажет-ті.

Матч күткендегідей, неміс футболшыларының шабуылымен басталды. 10-минутта сол қапталдан Давид Раум асырған допты Серж Гнабри баспен торға дәл түсірді – 1:0.

Екінші кезеңде 58-минутта Германия қорғанысы сыр берді. Қақпашы Мануэль Нойер қайтарған допқа Ельцин Техеда бірінші болып жетті – 1:1. 70-минутта айып добы орындалғаннан кейін Хуан Пабло Варгас Коста-Риканы алға шығарды – 2:1. Іле-шала 73-минутта Кай Хаверц таразы басын теңестірді – 2:2. 85-минутта К.Хаверц тағы бір голдың авторы атанды – 3:2. 90-минутта Никлас Фюллькруг есепті 4:2-ге жеткізді.

Осылайша, Германия құрамасы Коста-Риканы жеңгенімен, Испаниямен бірдей 4 ұпай жинап, доп айырмасымен жол беріп, плей-офф кезеңіне шыға алмай қалды. Бұл топта Испанияны тізе бүктірген Жапония бірінші орын алып, 5 желтоқсанда Хорватиямен ойнайды. Ал плей-офқа екінші орынмен шыққан Испания 6 желтоқсан күні Мароккомен кездеседі.

Бүгін, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық